» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар

2018 жылдың 14 ақпанында сағат 11.00-де Қызылорда қаласы, Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың 2017 жылдың қорытындысы бойынша халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.
Есепті кездесуге байланысты Қызылорда қаласында және барлық аудандардағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдік ғимараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.
«Call-центр» нөміріне таңғы 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін хабарласуға болады.Сондай-ақ, сауалдарыңыз болса алдын-ала 400-100 «Call-центр» нөміріне хабарласуға және www. 400-100.kz сайты арқылы жолдауға болады.
Облыс әкімінің есепті кездесуі Facebook әлеуметтік желісі арқылы «Қызылорда облысының әкімдігі» парақшасынан және www.youtube.com интернет желісі арқылы тікелей эфирден көрсетілетін болады.
Облыс басшысының халық алдындағы жылдық есеп беру жиынына шақырамыз!