» » ЖАҢА ӘЛІПБИ – БОЛАШАҚ ҮШІН ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ИГІ ІС

ЖАҢА ӘЛІПБИ – БОЛАШАҚ ҮШІН ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ИГІ ІС

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде тіл жанашырларымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Баспасөз конференциясында филология ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры Жеңіс Сәдуақасұлы латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің өзгертілген жаңа нұсқасы жайында өз пікірін білдірді.
"Ең алғашқы қазақ тіліне қатысты дыбыстардың диграфпен берілген нұсқасына қарағанда бұл нұсқа біршама жақсарған тәрізді көрінді. Жалпыхалықтық талқылау мен сын-пікірлерге құлақ асқан Комиссия үшінші жаңа нұсқаны жасапты. Әрине, Елбасының да бұл мәселені үнемі бақылауда ұстап, халықтың ой-пікірлерін де таразыдан өткізіп отырғаны, мына жаңа нұсқаның ерекшеліктерімен де етене танысқаны күмәнсіз", - деді Жеңіс Сәдуақасұлы.
Облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаеваның айтуынша, жазуда көзге қораш көрінген апострафпен таңбалау нұсқасын өзгертіп, дәйекше және диграфтармен таңбаланған бұл нұсқа халықаралық латын негізді әліпбилерге өте жақын, қолдануға ыңғайлы әрі жазып үйренуде көп қиындық туғызбайды дейді. Сондай-ақ, бұл нұсқаға да алдағы уақытта өзгерістер енгізіледі. Себебі, жұмысшы топ шілде айына дейін емле ережелерін жасау үстінде кей тұстарды өзгертуі әбден мүмкін.