» » ҚАЛА ӘКІМІДІГІНІҢ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІДІГІНІҢ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар

Қала әкімі Н.Нәлібаев бүгінгі аппараттық мәжілісте, қала әкімдігіндегі кадрлық өзгерістермен таныстырды.
Яғни, осыған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Шәменов Асылбек Өмірбекұлы 2018 жылдың 2 мамырынан бастап облыс әкімінің өкімімен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Асылбек Өмірбекұлы қаламыздың коммуналдық, ауыл шаруашылығы, құрылыс және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту салаларына жетекшілік жасады.
Сонымен қатар, бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Мақсұтов Нұрлан Мақсұтұлы басқа қызметке ауысуда.
Нұрлан Мақсұтұлы экономика, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту және жұмыссыздықты алдын алу бағытында жұмыстар атқарды.
2018 жылғы сәуір айының 27-нен бастап, бұған дейін қала әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген Тұрабаев Еркін Ермағанбетұлы облыс әкімінің өкімімен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Еркін Ермағанбетұлы қала әкімі аппаратында қаланың әлеуетін арттыруда 3 жыл абыройлы жұмыс жасады.
Қала әкімі аталған азаматтарды жаңа қызметтерімен құттықтай келе, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлестері мен еселі еңбектерін бағалап, қаламыздың ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Келесі кезекте, мәжілістің күн тәртібіне сәйкес қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М. Қазбекованың және Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Ж. Шынтасовтың баяндамалары тыңдалды.