» » АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫНДАҒЫ АҚАУ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫНДАҒЫ АҚАУ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні түнгі сағат 00.00 шамасында Жанқожа батыр мен А.Тоқмағанбетов көшелерінің қиылысында диаметрі 400 метрлі ауыз су құбырында ақау пайда болған.
Сала мамандары мен 7 арнайы техника жұмылдырылып, жөндеу жұмыстары таңғы 4.00-ге дейін жүргізілді.
Қазіргі уақытта ауыз су құбырындағы ақау қалпына келтірілді. Қала тұрғындарына ауыз су берілуде.