Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

"Самұрық-Қазынаның" қаржыландыруымен 6 тұрғын үй салынбақ

"Самұрық-Қазынаның" қаржыландыруымен 6 тұрғын үй салынбақБүгін, 4 желтоқсанда Қызылордада 6 көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы қаланды. «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын баспананы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры қаржыландырмақ. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов қатысып, құрылыстың алғашқы іргетасын қалады. 
Жаңа баспаналар З.Шүкіров көшесінен бой көтереді. Алдағы екі жылда тұрғызылатын баспананың әр шаршы метрі 131 537,4 теңге шамасында болады. 
Қордың басшылығы құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды уақытылы тапсырамыз дейді. Бүгінгі күні аталмыш қор Қызылордадан басқа Астана, Алматы мен Қарағанды, Шымкент, Ақтау және Өскемен қалаларында тұрғын үй құрылысының жобаларын іске асыруда. Ал, 2016 жылдың аяғына дейін елімізде қосымша 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады.
Айта кетейік, облыста биыл салынған тұрғын үй өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артқан. Мәселен, биыл 855 пәтер пайдалануға беру жоспарланған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: