Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Әкімдік мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

Әкімдік мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойдыҚызылорда облысының әкімдігі мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды. 
Бұл меморандум бизнес ортаға қолайлы жағдай қалыптастырып, кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындауға жол ашады. 
- Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Қызылорда облысы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 1-орында болғанымен, республикада ішкі жалпы өнімдегі үлесіміз аз. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, тиісінше әлеуметтік ахуалдың жақсаруы кәсіпкерліктің қарқынды дамуына тікелей байланысты,- деген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев экономиканы әртараптандыруға, индустриалды-инновациялық жобаларды қабылдауға аса көңіл бөлу керек екенін айтты. 
Бүгінде Қызылорда облысында Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен құны шамамен 60 млрд. теңге болатын 8 жоба іске асырылып жатыр, тағы да 5 жоба әзірлену үстінде. Сондай-ақ, облыс әкімі газды терең өндіру үшін параметрлік ұңғыма салу жөнінде Мұнай және Газ министрлігіне ұсыныс берілгенін айтты.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жыл көлемінде атқарған жұмыстары туралы Палата директоры Руслан Досмаханов баян етті. «Кәсіпкерлікті құқықтық қорғау бойынша келіп түскен 133 өтініштің 81 пайызы оң шешімін тапты, сондай-ақ 75 бизнес-жоспар әзірленді. Қазір Палата 20 қызмет түрі бойынша кәсіпкерлерге тұрақты әрі тегін қызмет көрсетіп келеді»,- деген Палата директоры облысымызда кәсіпкерлер үйін ашуға ұсыныс жасады. 
Өңірлік кәсіпкерлер Палатасы кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов аймақтағы шағын және орта бизнестің даму қарқыны туралы сөз етті. Ал жиынға қатысқан бірқатар кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы мал шаруашылығын және жергілікті супермаркет жүйесін дамытудағы тәжірибесін қолдану керектігін айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: