Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ


Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді азаттығымыздың айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл айтулы мереке – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың басты мерекелерінің бірі.
Мемлекет басшысы «Елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары», - деп бағалаған Ата Заңымыз, қазақстандық қоғамның одан әрі саяси дамып жетілуіне, әлемдік аренадағы беделінің нығая түсуіне негіз қалады.
Азаматтардың өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын басты құндылыққа айналдырған елімізде халықтың тұрмыс-тіршілігін түзеп, әл-ауқатын арттыруға барлық жағдай жасалуда.
Демократиялық құндылықтарды бекітіп, құқықтық тұғырымызды берік орнықтырып берген Ата Заңымызды әрқашан да қастерлеу, құрметтеу, оны насихаттау басты парызымыз.
Біздің бостандығымыз бен еркіндігіміздің, рухани жаңғырудың, жарқын болашағымыздың берік тұғыры, еліміздің гүлденуі мен өркендеуінің, ілгері өрлеуінің бастау бұлағы - Қазақстан Республикасы Конституциясы күні тағы да құтты болсын!
Жарқын болашақтың берік тұғыры, еліміздің дамып, өркендеуінің кепілі – Конституциямыздың мерейі мәңгі биік болсын!
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан қызылордалықтар кемел келешекке Ата Заңымыздың игіліктері арқылы жете бергей!
Ұлық мерекеде баршаңызға бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға шаттық, баянды бақыт тілеймін.

Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Н. Нәлібаев
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: