» » Қызылордада жастардың патриоттық форумы өтті

Қызылордада жастардың патриоттық форумы өтті

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар
Қызылордада жастардың патриоттық форумы өттіБүгін «Туған жерге тағзым» атты І облыстық жастар патриоттық форумы өтті. Тәуелсіздік күніне арналған шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев және Сыр өңірінде дүниеге келіп, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқан белсенді жастар қатысты. Олардың қатарында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев, екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Президенті, журналист Нәзия Жоямерген, әнші Алмас Кішкенбаев, айтыскер ақын Еркін Садықұлы, жас ғалым Асхат Мыңбай, Дизайнер Ая Бапани болды. 
Форум қонақтары алдымен «Жалынды патриот» флеш-мобын тамашалады. Сондай-ақ, облыстағы жас кәсіпкерлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жас ғалымдардың инновациялық жобалары да сөреден орын алды. 
Басқосуда аймақ басшысы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. 
- Экономиканы әртараптандыру басқа өңірлер үшін дамудың басты бағыты шығар, ал біздің өңір үшін ол өмірлік қажеттілік. Одан басқа жол жоқ. Сондықтан бізге экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа салалар ашу керек, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Бұл бағытта аймақтың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жасалды. Нәтижесінде, шыны зауыты салынатын болады. Мұнан өзге облыста «SmartRubber», қиыршық тас, әк шығаратын заводтар іске қосылды. Сондай-ақ, Еуропаның қайта құру және даму банкі, Азия Даму Банкі және Ислам Даму Банкісімен бірлесе ірі жобалар жүзеге асырылуда. 
– Осы жұмыстардың барлығы бірте-бірте облыстың мұнай өндірісіне деген тәуелділігін азайтып, жаңа салалардың дамуына жол ашады. Жалпы, Сыр елінде серпіліс бар. Бұл, ең алдымен, Елбасының ерен еңбегі, қала берді жергілікті азаматтардың тынымсыз тірлігінің арқасы, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Басқосу соңында жастар осы форумды дәстүрлі түрде өткізу туралы ұсыныс айтты. Аймақ басшысы бұл ұсынысты қолдап, келер жылы форум Қорқыт ата кешенінде ұйымдастырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне орай белсенді жастар «Алғыс хатпен» марапатталды. 
Форум аясында түрлі тақырыптар да секция өтіп, түс ауа елдің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген қонақтар қызылорданың көрікті орындармен танысты.