» » Қызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа үйлер пайдалануға берілді

Қызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа үйлер пайдалануға берілді

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Тәуелсіздік күні қарсаңында Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан кредиттік көпқабатты салынған тұрғын үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстады. Бұл көпқабатты тұрғын үйлер «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында салынған.
Соңғы жылдары Қызылордада 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды. Айта кетейік, жыл басынан бері 1000 жуық пәтердің кілті табысталды. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы - 10 мың 900 шаршы метр.Облыста жүзеге асқан құрылыс жұмыстарының 31,4 пайызы - Қызылорда қаласының үлесінде. Сол жағалаудағы жаңа қалада республикалық, облыстық бюджеттерден 820 пәтерлік 16 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 830 пәтерлік 17 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылыстары жүргізілуде. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен есепті мерзімде жалпы ауданы 381 мың 308 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 124,3 пайызға артқан.
Облыс әкімі Қ.Ысқақов жаңа қоныс иелерін құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
"Бүгін 60 пәтерлік көпқабатты 4 тұрғын үйдің кілттерін табыстағалы тұрмыз. Сүйікті қаламызда жаңа нысандарды салып, сол жағалауда жаңа қала салу идеямызға қолдау көрсетіп,алғашқы тұрғын үйлердің құрылысын бастаған барлық құрылыс компанияларына және жұмысшылардың еңбектеріне қала тұрғындары атынан алғысымды айтамын. Құрметті жерлестер! Қоныс тойларыңыз құтты болсын! Қуаныштарыңыз көбейе берсін",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Бүгін үйлі болғандардың басым бөлігі жас отбасылар.Олардың ішінде дәрігерлер мен ұстаздар, құқық қорғау саласының қызметкерлеріде бар.Үйлі болған қызылордалықтар да қуаныштарымен бөлісіп,лебіздерін айтты.
Жаңа тұрғын үйге қоныстанушыларға ҚР еңбегі сіңген құрылысшысы, құрылыс саласының ардагері, қаланың Құрметті азаматы Ж. Оразбаев батасын берді.