» » Қазалылық кәсіпкер жұмысына астаналық инвестор қызығушылық танытты

Қазалылық кәсіпкер жұмысына астаналық инвестор қызығушылық танытты

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар

Жас кәсіпкер Гулзат Жалғасқызы тігінші болуды бала кезден армандаған. 2009 жылы 9 сыныпты аяқтап, 2009 – 2015 жылдар аралығында Орал қаласында «Швейное производство и моделирование одежды», «Мастер производственного обучения, техник-технолог швейного производства» мамандықтары бойынша білім алған. Алған білімін әрі қарай шыңдау мақсатында 2015 – 2017 жылдар аралығында Қазалы ауданында жеке кәсіпкер Салима тігін цехында тігінші болып еңбек жолын бастаған.
Тігін тігу жұмыстарына машықтанып, 2017 жылы өз қаражатымен ғимаратты жалға алу арқыл «Гузи Билсариева» сән үйін ашып, Бастау – Бизнес жобасы бойынша оқу курсынан өтіп, несие қаражатын алу арқылы бизнесіне керекті құрал – жабдықтарды алды.
Жетістікке жетемін деп мақсат қоюының арқасында 2016 жылдан бастап аудандық, облыста өткізілген түрлі шараларға белсене қатысып, аудан, облыс әкімдерінің және ҚР Атамекен ҰҚП басқарма төрағасының сертификаты, алғыс хаттары, дипломдарымен марапатталып келеді.
Сонымен қатар, 2019 жылы аудандық Кәсіпкер әйелдер форумы барысында жас болса да, мол жауапкершілікпен «Гузи Билсариева» Сән үйінде тігілген Әйелдер сәнді киімдерінің топтамасы көрсетілді. Осы шарадан кейін Қазақстанның үздік тауары өңірлік көрме – конкурсында жеке кәсіпкер Гулзат Билсариеваның сәнді киімдер топтамасы «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Нұр – Сұлтан қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алған және мемлекеттік бағдарламар арқылы ұсынылатын мемлекеттік грант кункурсына қатысып, жеңімпаз атанған кәсіпкер.
Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, жерлесіміз Ғани Мұратбаев «Заманның тұтқасы да, иесі де жастар»! деп ұрандағаны да белгілі. Сондықтан, Ғанидың ізбасарының бірі ретінде ауданымыздың жас кәсіпкері Гулзат Билсариева Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығы конкурсына үміткер болды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің қатысуымен өткізілген Қазалы ауданы жастар форумында «Жылдың үздік жас кәсіпкері» номинациясының иегері атанды.
Сондай – ақ, Қызылорда және барлық аудандар арасында өткізілген «Kyzylorda Business Hub» облыстық жастардың стартап жобалар байқауына белсенділігін таныту арқылы Сән үйін үлкейту бизнес жобасын менторлар алдында сәтті қорғап, 2 – орын иегері атанып, екінші кезеңге бизнес – лагеріне жолдама алған.
Осындай еңбектің арқасында, бизнесті дамыту мақсатында, инвестор іздеп, қазіргі таңда Нұр – Сұлтан қаласынан инвестор Толыбаев Марат мырзамен жұмыс жасап жатыр. Инвестор Марат Толыбаев жас кәсіпкер Билсариева Гүлзаттың жұмысымен толық қанды танысып, инвестиция құйды. Жаңа технологиялық тігін машиналарын және қажетті құрал - жабдықтар, материалдар алды.