Сейхун-инфо.кз / ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ 8 ЕСЕГЕ ӨСТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ 8 ЕСЕГЕ ӨСТІ

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасының тапсырмасына сәйкес биыл құрылған қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді. 2015 жылы атқарылған жұмыстарды айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ 8 ЕСЕГЕ ӨСТІ

Облыс әкімінің 2015 жылға арналған іс-қимыл жоспарында әлеуметтік даму мен әлеуметтік міндеттемелердің дер кезінде және толықтай орындалуын, экономиканы әртараптандыру мен инфрақұрылымды дамыту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көзделген болатын. 
Өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу секторында өсім бар (100,2 пайыз). Бұл көрсеткіштің өсімі 2013 жылдан бері жалғасып келеді. Оның жалпы өндірістегі үлесі 3 жылда 3 есеге артты. 2015 жылы өңдеу секторындағы инвестиция көлемі 3,4 есеге ұлғайды. 
Индустрияландырудың бірінші бес жылдығында іске қосылған 17 өндірістің 14-і 2015 жылы өнім бере бастады. Жыл ішінде тағы 5 жаңа өндірістік жоба іске асты.
Өткен жылы облыста 460 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Тұрғын үй көлемі 3,5 есеге, ал Қызылорда қаласындағы тұрғын үй құрылысы – 8 есеге өсті. Өткен жылы облыста жалпы саны 4 мың 227 пәтер пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, облыс орталығын дамыту аясында Сырдарияның сол жағын игеру жұмыстары жалғасады.
Былтыр үшінші жыл қатарынан күріштен рекордтық өнім жиналды, гектарынан 50,5 центнер өнім алынып, қамбаға 423 мың тонна күріш құйылды. Мал шаруашылығы да қарқынды даму үстінде. Мал басының барлық түрі бойынша ең жоғарғы деген 1990 жылғы деңгейден асып түсті.
2015 жылы өңірлік инвестициялық орталық 50-ден аса жобаға 340 млн. теңге қаржы бөлді. Өткен жылы жалпы саны 12 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның 8,5 мың тұрақты жұмыс орны. 
- Облысымыздың бюджеттік саясатының негізгі қағидаттары өзгермеді. Әдеттегіше, бірініші басымдық – азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау. Сондықтан дағдарыс кезеңінің қиыншылықтарына қарамастан, әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыру толық көлемде атқарылып келеді. Соңғы бірнеше жыл Қызылорда облысы адам басына шаққандағы әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстар көлемі бойынша бірінші орында келеді, - деді облыс әкімі. 
Мұнан бөлек, өткен жылы аймақта газдандыру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуде ауқымды шаралар атқарылды. 
Өз кезегінде қоғамдық кеңес мүшелері облыстағы жүзеге асқан жұмыстардың бел ортасында жүргендерін айтып, оң бағаларын берді.
12-02-2016, 18:49
Вернуться назад