Сейхун-инфо.кз / ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Бүгін, 9 қарашада, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев актив отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Қалиев Ғанижан Піртазаұлын таныстырды. 
Ғ.Қалиев 1970 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Қызылорда қаласының бақылау-ревизиялық басқармасының ревизор-бақылаушысы ретінде бастаған.
1992-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымындағы мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған.
2003-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қаржы департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі және әкімшілік басқармасының бастығы.
2010-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысының қаржылық бақылау инспекциясының, құрылымдық өзгерістен кейін ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.
10-11-2016, 18:48
Вернуться назад