Сейхун-инфо.кз / ҚАЗАЛЫДА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

 

Бүгін, 30 қараша күні, Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде 150 орындық аудандық аурухананың іргетасын қалау рәсімі өтті. 
Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 
- Соңғы 3 жылда денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 9 млрд. теңгеге ұлғайып, 2016 жылы 32 млрд. теңгені құрады. Қызылордалықтар 2013 жылға дейін сапалы медициналық көмек алу үшін Алматы немесе Астанаға сабылатын. Қазір облыстық медициналық қызмет түрлерін сенімді түрде пайдалануда. 2014 жылы қызылордалық дәрігерлер республикада төртінші болып бүйрек ауыстыру отасын жасады. Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласы бойынша облыста - 109, оның ішінде соңғы 4 жылда 47 нысан бой көтерді. Негізінен олар – аудандық, ауылдық емханалар мен амбулаториялар,- деді Қ.Көшербаев. 
Бас мердігер «Казстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Русланбек Сейтмұратовтың айтуынша, аурухананың құрылысы 2017 жылдың аяғында толықтай аяқталады.
30-11-2016, 20:14
Вернуться назад