Сейхун-инфо.кз / ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ


Құрметті қызылордалықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күн халқымыздың бауырмашылдығын, достық сезімге ынтық, ыстық ықыласын дәлелдейтін, ынтымағы ырысқа, бірлігі берекеге ұласқан еліміздің ұлы мерекелерінің бірі.
Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырдан астам уақыт ішінде біздің мемлекетіміз - достық пен ынтымақтың шаңырағын биік көтеріп, сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың бауырмашылдығына арқау болып, бейбітшіліктің мекені атанды.
Биылғы жылы Елордамыздың 20 жылдық, Сыр өңірінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын атап өтеміз.
Еліміз үшін, біздің өңіріміз үшін тарихи тағылымы мен мағынасы терең қос мерейтойды атап өтудің маңызы зор.
Себебі бұл мерейтойлар халқымыздың асқақ рухының, ұлтымыздың ұлылығының және еліміздегі бейбітшілік пен татулығы жарасқан ел бірлігінің арқасында қол жеткен жетістігіміз.
Расында, біздің бүгінгі жеткен жетістігіміздің барлығы еліміздегі тыныштық пен татулықтың, бірлік пен берекенің арқасында екені айқын.
Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш.
Мұның барлығы, бір шаңырақ астындағы барша ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған Елбасының сарабдал саясаты мен Ата заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі.
Біз - әлемде ұлтаралық бірлігімен және татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескерсек, тұрақтылық пен бейбітшілік ерекше үйлесім тапқан елміз.
Қазақ даласын мекен еткен барша ұлт өкілдері үшін, татулық пен тыныштық бәрінен де қымбат.
Осынау шуақты мерекеде, әрбіріңіздің шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Қазақстан халқының берекелі бірлігі жарасып, әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын.
Ынтымақ мерекесі құтты болсын!
Елдігіміз еңселі, достығымыз мәңгі болсын!

Ізгі тілекпен,
Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
30-04-2018, 00:26
Вернуться назад