Сейхун-инфо.кз / Барлық зейнеткердің кредиті кешіріледі

Барлық зейнеткердің кредиті кешіріледі


Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга 2020 жылғы парламент сайлауының қарсаңында жомарттық танытып, елдегі барлық зейнеткердің кредитін кешірді.
Президент мерекелік бейнеүндеуінде зейнет жасындағы азаматтардың кредит бойынша қарызы кешірілетінін жариялады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Жалпы алғанда 200 мыңдай борышкердің кредиті жабылмақ. Олардың дені әжептәуір ірі сома төлеп жүрген.
"Моңғолияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі қарыздан құтылуға көмектесу мақсатында барлық зейнеткердің кредитін өтеп беру туралы шешім қабылдағанын қуана хабарлаймын", - деген Баттулга.
7-01-2020, 12:54
Вернуться назад