» » Қызылордада 8 айда 333 өрт болды

Қызылордада 8 айда 333 өрт болды

Айдар: Сонғы жаңалықтар
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл ішінде Қызылорда облысында орын алған өрттің көпшілігі тұрғын үйлерде орын алған. Өрт кезінде көбінесе адамдар зардап шегіп, жарақат алған. Төтенше оқиға салдарынан мезгілсіз бақилыққа көшкен азаматтар да кездеседі. 
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы  Айгүл Нұрманованың хабарлауынша, Сыр өңірінде ағымдағы жылдың  сегіз айында  333 өрт оқиғасы болды. Материалдық шығын 83 773 220 теңгені құрайды, 4 адам қаза болды. Адам факторы бұл барлық өрттердің негізгі себепшісі болып отыр. Сондықтан да өрттен қорғау қоғамдағы әрбір адамның міндеті болып табылады. Жалпы мемлекеттік деңгейдегі үгіт-насихат жұмыстарының маңызы зор. Өрттің алдын алу және өрттен қорғану жөнінде халықты оқыту мақсатында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы жыл сайын қыркүйек айында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі жөнінде арнайы айлық өткізуде.   
ТЖД қызметкерлері өрттің алдын алу және адам өлімін болдырмау мақсатында аз қамтылған отбасылар үйлерінде рейд жүргізді.  Қызметкерлер тұрғындармен әңгіме жүргізіп, бірқатар өрт қауіпсіздігін бұзушыларға  яғни, пештерін, газ құралын және электр құрал-жабдығын дұрыс пайдаланбауына сәйкес түсіндірме жасады. Осы ретте  1380  тұрғын үй қамтылып, 2000-нан астам тұрғындар құлақтандырылды. Оларға нұсқау жасалып, газ, пеш, электрді дұрыс қолдану турасында үгіт-насихаттық парақтары таратылды.