» » Ғалымдар: Классикалық музыка миды дамытып, қорғайды

Ғалымдар: Классикалық музыка миды дамытып, қорғайды

Айдар: Сонғы жаңалықтар / Көп оқылған / Әлем

 

Соңғы кезде жүргізілген зерттеулерге сәйкес, классикалық музыка адам ақылының кемуінен сақтайды, деп хабарлайды 24.kz
Моцартты тыңдаған адамдарда бас миының гендері белсеніп, есте сақтау қабілеті артқан. Хельсинки университетінің зерттеушілері классикалық музыка мидың дамуына көмектесетіндігін және қарттық ақылдан адасуды кешіктіретіндігін алға тартты, деп хабарлайды epochtimes.ru. Осы ретте жүргізілген тәжірибеге қатысушыларға Моцарттың оркестр сүйемелдеуіндегі № 3, G-мажор концертін 20 минут бойы тыңдау ұсынылған. Сынаққа классикалық музыканы бұрыннан тыңдайтындар мен оны бірінші рет тыңдағалы тұрған адамдар қатысқан. Нәтижесінде бұл музыканы сүйіп тыңдап келе жатқандардың ген белсенділігі артқан. Сол себепті классикалық туындылармен таныс болу ұзақтығы да маңызды екендігі анықталды.