Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Йемен астанасында балалар шеруге шықты

Йемен астанасында балалар шеруге шықтыСанада балалар ереуілге шықты. Ереуілшілер Сауд Арабиясы бастаған сырт елдердің әуе шабуылдарына қарсы. Жеткіншектер наразылық шараларын Біріккен Ұлттар Ұйымы кеңсесінің жанында өткізді. Бұл жайында Хабар телеарнасы мәлім етті. 
Жиналғандардың бірі: «Саудия әулеті жемқорлық былығына батқан, олар жақында жеңіліске ұшырайды», - деп мәлімдеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Йеменде 26 наурызда басталған соғыстан 643 адам қаза тапқан. Марқұмдардың көбі балалар көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы бастаған Парсы шығанағы елдері мен басқа мемлекеттердің қарулы күштері Йемендегі сунниттік ағымды ұстанатын билікке қарсы бас көтерген шииттік бүлікшілерді талқандау үшін халықаралық әскери коалицияға бірігіп, әуе соққыларын жасауға кіріскен болатын. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: