» » Қызылордада 5 институттық реформаларды жүзеге асыру жоспары нақтыланды

Қызылордада 5 институттық реформаларды жүзеге асыру жоспары нақтыланды

Айдар: Сонғы жаңалықтар / Негізгі

Қызылордада 5 институттық реформаларды жүзеге асыру жоспары нақтыланды

 

Бүгін, 25 мамырда Қызылорда облысы әкімдігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам бағдарламасына арналған облыс активінің жиналысы өтті. 
Жиынның ашылуында облыс әкімі Қ.Көшербаев «100 қадам» бағдарламасы Ұлт Көшбасшысы «Нұр Отан» партиясының 16 съезінде ұсынған 5 институттық реформаларды жүзеге асыру жоспарын нақтылады деп мәлімдеді.
Облыс әкімінің аппарат басшысы Қанатбек Жайсанбаев кәсіби мемлекеттік аппаратты құру шараларын саралап өтті. Бұл шаралар меритократия және сатылы мансаптық өсім қағидаларына негізделеді.
Облыс әкімінің кеңесшісі Татьяна Даньшина заң үстемдігін қамтамасыз ету ерекшеліктерін атап өтті. 
Облыс әкімінің орынбасарлары Наталья Годунова және Ғалым Әміреев, облыс әкімінің кеңесшісі Ирина Ким ұлт жоспарының өзге де аспектілерін баяндап берді. 
Жиынды қорытындылай келе облыс әкімі «100 қадам» бағдарламасын аймақтарда жүзеге асыру бойынша ұсыныстар кешенін дайындауға тапсырма берді.