Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Бүгін планеталар парадын телескопсыз қызықтауға болады

Бүгін планеталар парадын телескопсыз қызықтауға боладыАстрономдар күні бүгіннен бастап, планеталардың шоу іспеттес парадын қызықтауға шақырды деп хабарлайды 24.kz. 
Олардың айтуынша, шеру кезінде Венера, Марс, Юпитер, Ай және Меркурий бір қатарға сап түзеп айналады. Бұл көріністі Жердің тұрғындары сонау 20 қазанға дейін тамашалай алады.  Мұндай керемет оқиғаға куә болу үшін телескоптың қажеті жоқ. Тек түн ішінде сыртқа шығып, жұлдыздарға мұқият қараса жетіп жатыр. Ал парадтың ең анық көрінетін кезі таңсәріде болады екен. Осыған байланысты Жер шарының тұрғындары көз тартарлық құбылыс аясында селфиге түсу үшін тағатсыздана дайындалуда, деп жазады oane.ws.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: