» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНАН ТУЫНДАҒАН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНАН ТУЫНДАҒАН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айдар: Сонғы жаңалықтар / Негізгі
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНАН ТУЫНДАҒАН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫЕлбасы «Жаңа жаһандық ортадағы Қазақстан: өсу, реформалар және даму» атты кезекті Жолдауын жолдап, жаңа міндеттемелер жүктегені белгілі. Бұл бағытта Сыр өңірінде де ауқымды жұмыстар атқарылатыны бүгін облыс активінде айтылды. 
- Ширек ғасыр тарихында тәуелсіз Қазақстан небір қиындықтан сүрінбей өтті. Жинаған тәжірибе, тамырын тереңдетіп үлгерген экономикалық жүйе, жасампаз халық пен Елбасының тегеуріні – бұл дағдарысты да жеңеді. Бұл Жолдау, сөзсіз, сырттан келген дағдарыстың жойқын күшін ішкі дамуға қажетті жасампаз қуатқа айналдырудың жолын көрсеткен жаңа бағдар болды. Ең бастысы, қиындыққа қарамастан, мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толық орындауы тиіс екендігін Елбасы тағы бір қадап айтты, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Мұнай бағасының төмендеп кеткені белгілі. Бірақ қара алтынға тәуелді болмау үшін Қызылорда өндіріс орындарын көбейтуде. Сондай-ақ, шетелдік инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Жылына екі мәрте «Байқоңыр» инвестициялық форумын өткізуде. Бұл форум аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына 100 млрд. теңге көлемінде қаржы тартуға мүмкіндік берді. Барлығы 64 меморандумға қол қойылып, келісім жасалды. 
- Мемлекет басшысы алдағы 10 жылда экономикадағы өнімділікті 2 есеге арттыру міндетін қойды. Ал біз орташа республикалық көрсеткіштен әлдеқайда артық нәтиже беруіміз керек. Себебі, біз тоқсаныншы және екі мыңыншы жылдары артта қалдық. Оны жасау әбден мүмкін екендігін біз дәлелдедік. Соңғы үш жылда Республикада өңдеу өнеркәсібі саласындағы еңбек өнімділігінің орташа көрсеткіші 44 пайызға өссе, Сыр өңіріндегі еңбек өнімділігі 4,5 есеге артты, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жалпы, жиын барысында аймақ басшысы Жолдаудан туындаған міндеттерді жүзеге асыруға байланысты тапсырмалар берді.