Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

МИХАИЛ ГОРБАЧЕВ ӨЗІНІҢ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНДА ӘН ШЫРҚАДЫ (ВИДЕО)

МИХАИЛ ГОРБАЧЕВ ӨЗІНІҢ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНДА ӘН ШЫРҚАДЫ (ВИДЕО)Мәскеудегі Radisson қонақүйінің жанында үкіметтік нөмірлері бар көліктерден үлкен кептеліс орнады. Өйткені қонақүйдің екінші қабатында КСРО-ның алғашқы президенті болған Михаил Горбачевтің 85 жылдығын мерекелеу шарасы өтіп жатты.
Банкет залында 150-ден астам қонақ жиналды, олардың арасында саясаткердің әріптестері, әртістер болған.
Кештің ойын-сауық бағдарламасын музыкант Андрей Макаревич жүргізді. «Машина времени» тобының әншісі Горбачевпен бірге гитарамен Клавдия Шульженконың «Ескі хаттар» әнін шырқады, олардың микрофонын РФ-ның бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин ұстап тұрды.
Саясаткерді құттықтауға Константин Эрнст, «Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Муратов және Михаил Горбачевтің басқа да әріптестері мен достары келген, деп жазады lifenews.ru.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: