Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

ТЕМЗАДА ПАЙДА БОЛҒАН АЛЫП ҚҰБЫЖЫҚ БРИТАНДЫҚТАРДЫ ШОШЫТТЫ (ВИДЕО)

ТЕМЗАДА ПАЙДА БОЛҒАН АЛЫП ҚҰБЫЖЫҚ БРИТАНДЫҚТАРДЫ ШОШЫТТЫ (ВИДЕО)Желіде су бетіне шыққан орасан үлкен белгісіз құбыжық түсірілген бейнежазба пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Темза өзенінің бетіне шыққан белгісіз құбыжықтың бейнежазбасы желі пайдаланушыларының назарын аударды, деп жазады РЕН-ТВ.
Бейнежазбадағы орасан зор зат әлсін-әлі су бетіне шығып, одан кейін қайтадан жоқ болып кетеді, оны куәгерлер түсіріп алды. Жазба Желіге бірнеше күн бұрын салынған, қазірдің өзінде оны 200 мыңнан астам адам қараған.
Ролик авторы оның немене екенін түсіне алмай басы қатып отыр. Ол Темзада кит бола ма, әлде сүңгуір қайық па екен, деп сұрайды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: