» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ - САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ - САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Айдар: Сонғы жаңалықтар / Негізгі

ҚЫЗЫЛОРДАДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ - САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

 

Бүгін, 28 қараша күні «Нұр Отан» партиясының кезекті ХХІ есеп беру – сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға Қызылорда облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев, партия хатшысы Зауытбек Тұрысбеков, аймақтық және бастауыш партия ұымдарының басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысты. 
Есеп беру – сайлау конференциясында 4 мәселе қаралды.
Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Есепті кезеңде партия мүшелері 312 473 адамның қатысуымен 2302 үгіт-насихат шараларын өткізген. Бұдан бөлек облыста «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам» және «Ауыл жастарын жұмыспен қамту» секілді әлеуметтік маңызы зор жобалар жүзеге асырылуда. 6420 адам облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдауына арыз-шағым түсірді, олардың 1238-і шешімін тапты, ал 5182-сі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке мәселе бойынша 2655 қабылдау өткізіліп, «Заңгер кеңесі», «Жолда қабылдау» іс-шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы», «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламалары бойынша қабылдаулар өтті. 
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы жөнінде комиссия төрағасы Роман Мұсабеков баяндама жасады. Сонымен қатар конференция барысында бақылау-тексеру комиссиясының құрамы бекітілді. 
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов партияның Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы баяндама жасады.