» » «ВАРДА» ДАУЫЛЫНАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ 10-ҒА ЖЕТТІ

«ВАРДА» ДАУЫЛЫНАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ 10-ҒА ЖЕТТІ

Айдар: Сонғы жаңалықтар, Әлем

«ВАРДА» ДАУЫЛЫНАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ 10-ҒА ЖЕТТІ

 

Үндістанның оңтүстік-шығысында соққан «Варда» дауылынан көз жұмғандар саны 10-ға жетті, деп хабарлайды 24.kz
Құтқарушылардың айтуынша, олардың көбі үйлерін тастап кетуге үлгермеген. Сондықтан құрбандардың саны көбейе түсе ме деген қауіп бар. Жергілікті билік 17 мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Үкімет жойқын дауыл банан плантациялары мен күріш егістіктерін талқандап, ел экономикасына едәуір шығын әкеле ме деп отыр. Айта кетейік, қазір – Үндістанда дауылдар мезгілі. Ол осы айдың аяғына дейін жүреді.