» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ӘКІМ САҒАТЫ» ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ӘКІМ САҒАТЫ» ӨТТІ

Айдар: Сонғы жаңалықтар, Негізгі

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ӘКІМ САҒАТЫ» ӨТТІ

 

23 мамырда «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Әкім сағаты» бағдарламасы өтті. Аймақ басшысы 2,5 сағат бойы тұрғындардың көкейкесті сауалдарына жауап берді. Тікелей эфир барысында барлығы 319 сұрақ келіп түсті. Оның 139-ы онлайн режимде, ал 180-і Call-орталыққа телефон арқылы жолданған.

Қызылордалықтарды көбіне тұрғын үймен қамтамасыз ету (90 сұрақ) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (76 сұрақ) мәселелері мазалайды екен. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына (40 сұрақ) қатысты да сұрақтар көптеп жолданды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты - 25 сұраққа, білім саласы бойынша – 10, мәдениет саласы бойынша – 5 және денсаулық сақтау саласына байланысты – 4 сұраққа жауап берді. Ал, жер мәселесі туралы – 13, кәсіпкерлікке қатысты – 8 сұрақ қойылды. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті сақтау саласында – 1 сұрақ. Мұнан бөлек, тікелей эфир барысында басқа да мәселелер жөнінде 47 сұрақ қойылды.
«Әкім сағаты» бағдарламасын «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі тікелей трансляция арқылы 14 000 ға жуық адам қараған.