» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Айдар: Сонғы жаңалықтар, Негізгі

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Салтанатты шарада Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерін комитетінің құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтап, олардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылған арнаулы орган ширек ғасыр ішінде тұрақты жетіле отырып, даму мен қалыптасудың сындарлы жолдарынан өтті. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысып қана қоймай, егемен еліміздің мүддесін қорғау болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тұғыры берік болуы жолында бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарып жүрген адал қызметтеріңіздің алар орны ерекше. Бұл жолда батырлық та, батылдық та, тапқырлық та, айлалы ақыл да Сіздердің бойларыңыздан табыла білуі қажет»,- деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департамент бастығы, полковник Таңат Жүнісов әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. 
Аймақ басшысы ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің 6 қызметкерін алғыс хатпен марапаттады. Мұнымен қоса, департамент ардагерлері мен қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетінің мерейтойлық медальдары және алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.