» » «ҚАЗАГРО» АУЫЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРЕДІ

«ҚАЗАГРО» АУЫЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРЕДІ

Айдар: Сонғы жаңалықтар, Негізгі

«ҚАЗАГРО» АУЫЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІК  БЕРЕДІ

 

22 шілдеде Астанада бір топ журналист, блогерлер ауылшаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен және «ҚазАгро» ұлттық холдингі өкілдерімен кездесіп, холдинг атқарып жатқан жұмыстармен танысқан еді. «ҚазАгро» ұлттық холдингі желісі бойынша агроөнеркәсіптік кешен қаржыландыру жүйесіндегі бірқатар маңызды өзгерістер болған екен. Төмендегі кестеде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде және шағын қалаларда несие және микронесие бойынша кепілдікті алу үрдісі көрсетілген. 
 

«ҚАЗАГРО» АУЫЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІК  БЕРЕДІ

 

1. Осы бағдарлама аясында микрокредит алуды жоспарлаған ауылдағы кәсіпкер «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ қаржыландыратын микроқаржылық ұйымға немесе кредиттік серіктестікке (бұдан әрі - МҚҰ/КС-ке) микрокредитті алу өтінішімен жүгінеді және қажеттілік болғанда микрокредитті ішінара кепілдендіруге өтінішпен жүгінеді және өтінішті қарастыру үшін қажетті құжаттарды ұсынады (2017 жылғы 10 наурыздағы  №109 Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кредит және микрокредит беру ережелеріне №1 қосымша);

2. МҚҰ / КС өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес кәсіпкерден өтінім, құжаттардың толық дәстесімен бірге алған сәттен бастап, 15 жұмыс күні ішінде бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және кредит/микрокредит беру туралы мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды; 

3. МҚҰ / КС оң шешім қабылдаған жағдайда, және ішінара кепілдік қамтамасыз етуді алу қажеттілігі болғанда,  «ҚазАгроКепіл» АҚ-на кәсіпкердің микрокредитті кепілдендіруге жазған өтінімін және өтінішті қарастыру үшін қажетті құжаттарды* ұсынады (2017 жылғы 10 наурыздағы  №109 Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредит бойынша кепілдік беру ережелеріне №2 қосымша);

4. «ҚазАгроКепіл» АҚ МҚҰ / КС-дан құжаттардың толық дәстесін алғаннан кейін  14  жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды дербес талдайды және «ҚазАгроКепіл» АҚ шешімдерді қабылдау бойынша уәкілетті органға қарастыруға үсынады және кепілдік беру (бермеу) туралы шешім шығарады. Оң шешім жағдайында, өкілдік  МҚҰ / КС-ке уәкілетті органның оң шешімі туралы хат жібереді. Кепілдік беруден бас тарту жағдайында, МҚҰ / КС-тың жазбаша түрдегі дәлелді бас тартуы туралы жауап береді; 

5. «ҚазАгроКепіл» АҚ-ның оң шешімі негізінде МҚҰ/КС және кәсіпкер микрокредитті беру туралы келiciм шартка кол қояды. МҚҰ/КС «ҚазАгроКепіл» АҚ-ға микрокредит беру, кепілдікті ресімдеу туралы қол қойылған шарттардың мөр басылған көшірмелерін жібереді;

6. «ҚазАгроКепіл» АҚ-ның шешім қабылдау бойынша уәкілетті органының шешімі негізінде МҚҰ/КС, кәсіпкер және «ҚазАгроКепіл» АҚ өкілі үш жақты Кепiл шартына  кол қояды.



* МҚҰ/КС және «ҚазАгроКепіл»АҚ беру үшін құжаттар тізімі ұқсас. 


 Кеңес алу және қосымша ақпарат алу үшін «ҚазАгроКепіл» АҚ орталық аппаратына Астана қ., Қабанбай-батыр д., 17, Лукойл БО мекенжайы бойынша, тел. +7 (7172) 47 29 11 (қабылдау бөлмесі) және төмендегі мекенжайлар мен байланыс телефондары бойынша  «ҚазАгроКепіл» АҚ өңірлік өкілдіктеріне жүгінуге болады:

 

«ҚАЗАГРО» АУЫЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІК  БЕРЕДІ

«ҚАЗАГРО» АУЫЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІК  БЕРЕДІ