Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Екі маймылдың "үйлену тойы" өтті

Екі маймылдың "үйлену тойы" өтті

 

Жақында Үндістанның Беттиах қаласы маңында Раму және Рамдулари есімді маймылдардың "үйлену тойлары" атап өтілді. Оны маймылдардың қожайыны Удеш Махто ұйымдастырды. 
Удеш тойға ақша шығарғанына өкінген жоқ. Оған деревнядағы бүкіл тұрғындарды шақырды. Сондай-ақ, көршілес қала тұрғындары ерекше тойға келді. 
Удеш Рамуды өте жақсы көретінін айтады. Оны өзінің ұлындай жақсы көреді екен. Сүйікті маймылы Рамдулариді жақсы көретінін байқапты. Сосын оларға арнайы үйлену киімдерін тіктірген. Той барысында екі "жас жұбай" бір-біріне деген "сезімдерін" жұрт көзінше білдіріп отырған. 
"Естімеген елде көп" демекші мұндай той жұртты таңғалдырып отыр. Ақша не істетпейді?.. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: