» » Танымал журналистер шеберлік дәрісін өткізді

Танымал журналистер шеберлік дәрісін өткізді

Айдар: Сонғы жаңалықтар

Қызылордалық журналистер ҚР Президенті сыйлығының иегері, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы «Арта» бағдарламасының жетекшісі, авторы және жүргізушісі Жайна Сламбек, облыстық «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары Гүлжазира Жалғасовамен кездесті.
Аталмыш шараны облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен «Ұшқыр жебе» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Семинар «Сыр медиа» академиясын құру» әлеуметтік жобасы аясында қолға алынған.
Семинар-тренингте бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мәселелер қозғалды. «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары Гүлжазира Жалғасова материал жазуда тіл тазалығы жөнінде ой-пікірімен бөлісті. Тыныс белгі, емле ережесін ескермеу, тұрақты тіркестерді орынсыз қолдану, сөз мағынасына мән бермеу сынды қателіктер жиі кездесетінін баса айтып, қалай дұрыс қолдану керегін түсіндірді.
Ал, Жайна Сламбек «журналистер энциоклопедия болуы керек» дейді. Ойы ұшқыр, тілі өткір, азулы тілші БАҚ-тың бүгінгі жағдайын және журналистік қызмет барысындағы оқиғаларды тілге тиек етті. Сондай-ақ, аналитикалық-сараптамалық материалдар дайындау турасында тәжірибесімен бөлісті.