» » Сыр өңірінде шаңды дауыл болады

Сыр өңірінде шаңды дауыл болады

Айдар: Сонғы жаңалықтар
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 13-14 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің 15–20 м/с дейін күшеюі және шаңды дауыл күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.