Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Элизабет Тұрсынбаева – жеңімпаз

Элизабет Тұрсынбаева – жеңімпазҮстіміздегі жылдың 7-11 қаңтар аралығында Польшаның Торунь қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Mentor Nestle Torun Cup» халықаралық турнирі өтті. 
Аталмыш турнир жыл сайын халықаралық коньки спорты одағы кестесіне енетін жарыстардың бірі саналады. Дүбірлі додаға қатысушылар жекелей сырғанау, жұптасып сырғанау және мұз үстіндегі би бағдарламалары бойынша бақ сынады. 
Жекелей сырғанау бағдарламасында сынға түскен Элизабет Тұрсынбаева кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол – Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы. Элизабет енді наурыз айының басында  мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысады.
Айта кетелік, былтыр Элизабет халықаралық деңгейдегі 6 жарыста алдына жан салған жоқ. Соның нәтижесінде жеңімпаз тұғырынан көрініп, жерлестеріне толайым қуаныш сыйлады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: