Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Сырдың үздік спортшылары анықталды

Сырдың үздік спортшылары анықталды Жыл қорытындысы бойынша спорт саласындағы  үздіктер анықталды. Олардың қатарында спортшылар, жаттықтырушылар, жоғары көрсеткіштерге жеткен қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар. Үздіктер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хатына ие болды. 
Ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы, 2 дүркін Олимпиада чемпионы  Илья Ильин, дзюдодан жасөспірімдер Олимпиада ойындарында алтын алған Бауыржан Жауынтаев, ауыр атлетикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері  Алмас Өтешовтер жылдың үздік спортшылары атанды. Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тойшан Бектеміров, Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта дзюдо спортынан бапкер Қален Қалиұлы және «Сейхун-КАМ-ҚМУ» гандбол спорт клубының жаттықтырушысы Ким Вячеслав өз салалары бойынша үздіктер қатарына қосылды. Сондай-ақ, жыл қорытындысымен спорттық-бұқаралық жұмыстарды жоғары деңгейде атқарған Қызылорда қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі үздік деп танылды. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің жұмысы жоғары бағаланды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: