» » Жанкүйерлер алаңда футболшыны тонады

Жанкүйерлер алаңда футболшыны тонады

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
Жанкүйерлер алаңда футболшыны тонадыАргентинаның төменгі лигасының бірінде ойын көрсететін "Спортиво Итальяно" футбол клубының ойыншысын алаң үстінде тонап кетті. Белгісіз біреулер Элиас ди Бьязиге күш көрсету арқылы оның жейдесі мен спорттық қысқа шалбарын шешуді талап еткен. Жергілікті Notimerica басылымы оқиға барысын осылайша баяндайды.
Олардың айтуынша, Аргентинаның астанасы – Буэнос-Айрес қаласына жақын орын тепкен стадионда өтіп жатқан ойын барысында орын алған. Ойын барысында бірқатар жанкүйерлер алаңға жүгіріп шыққан. Оларға қарсылық көрсеткен ешкім болған жоқ.  
Бұл жайында ди Бьязидің өзі "Алдымен мен қорғануға тырыстым. Алайда, олардың саны үшеу болды. Нәтижесінде мен оларға киімдерімлі шешіп беруге мәжбүр күйге түстім" дейді. Дегенмен, әлгі желіккен жанкүйерлер алысқа ұзай қойған жоқ. Оларға футболшыға ұрланған киімдерін қайтарып берді. Ойыншы төрешісі кездесуді одан әрі жалғастырды.  Бұл матчта «Спортиво Итальяно» жеңілістің ащы дәмін татты. Бұл Аргентина футболындағы алаң үстінде футболшыны тонап кетуге байланысты тұңғыш тіркелген оқиға болып саналады.