Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Тұрар Асылхан велоспорттан Азия чемпионы атанды

Тұрар Асылхан велоспорттан Азия чемпионы атандыҮстіміздегі жылдың 4-9 ақпан аралығында Тайландтың Бангкок қаласында тректен жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш бәсекеде Қазақстан құрама командасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Тұрар Асылхан 4 шақырымдық қашықтықта командалық жарыста Азия чемпионы атанып, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. 
Т.Асылхан 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Астана қаласында өткен Азия чемпионатында командалық жарыста күміс жүлдені иеленген болатын. Тректен 4 дүркін Қазақстан чемпионы. Ол 2008 жылдан бері аталмыш спорт түрімен шұғылданып келеді. 
Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің велоспорт жөніндегі № 3 олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын Тұрарды Жандос Махамбетов жаттықтырады. 
Алдағы уақытта Тұрар қыркүйек айында Астана қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: