Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын

 Қазақстанның Футбол федерациясы президенті Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА президенті Мишель Платинимен кездесті. 
Бұл кездесуде УЕФА-ның қазақстандық футболдың дамуына көмектесуі жөнінде бірқатар сұрақтар талқыланды. Ерлан Қожағапанов Платинимен кездесуінің маңыздылығы жөнінде УЕФА баспасөз қызметіне берген сұхбатында бөлісті.

 

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын

 

 

- УЕФА әлемдегі ең беделді және ықпалды, сонымен қатар, басқару мәселелері бойынша ең тиімді ұйымдардың бірі. Еуропалық футбол ұйымдастыру және менеджмент бойынша әлемдегі алдыңғы орындарға ие. Мұның барлығы ұйым жетекшілігінің арқасында жүргізіліп келеді. УЕФА барлық жаңашылдықты қолға алып отыр. Қаржылық  fair play жобасының стратегиясы айқын және әлем футболының болашағы үшін маңызды қадам. Бұл біздің клубтар үшін жақсы үлгі. Өйткені, клубтар негізінен мемлекеттен қаржыландырылады және жұмсалған қаражат көп жағдайда үмітті ақтамайды. Мишель Платиниді УЕФА президенті және керемет футболшы ретінде қатты құрметтеймін.  
- Кездесуде қандай сұрақтар талқыланды?
- Негізінен УЕФА бағдарламаларына қатысты сұрақтар болды, өйткені, біз көптеген еуропалық бағдарламаларға белсенді қатысамыз. Сонымен қатар, қазақстандық футболдың дамуы, оның ішінде футбол инфрақұрылымын жақсарту сұрақтары қаралды. УЕФА картасын қарайтын болсақ, біз оңтүстік-шығыс шекарасында орналасқанбыз. Біз арқылы көрші елдерге УЕФА бағдарламаларының көрсетілгенін қалаймыз. Әріптестерімізбен бірге отандық футболдың төменгі орында келе жатқанын көп талқыладық.  Елдегі футбол инфрақұрылымдарының әлсіз дамуы негізгі себептердің бірі деген қорытындыға келдік. Біздің елде жылдың көп бөлігінде аязды ауа райы сақталады. Балалар мен жасөспірімдер толыққанды жаттығу жүргізу үшін жабық манеждер қажет.  Егер 1 манежге 100 000 адамнан келетінін есептесек, онда дәл осындай 170 манеж қажет. Манеж құрылысын жүргізудің қаржылық мәселесі өте қиын.   
- Сіздің қауымдастыққа УЕФА көмегі қаншалықты маңызды?
 - Хет-Трик бағдарламасы – аса қажетті және маңызды бағдарлама, әсіресе, ел футболының дамып келе жатқанын ескерген жөн. Тағы да инфрақұрылым мәселесіне келіп тіреледі. Алаң көп болған сайын футбол ойнайтындардың саны көбейеді. Бұл арқылы бұқаралық футболға көп адамды тартамыз. Біз футболды орта білім беру мектептеріне сабақ ретінде қайтаруды жоспарлап отырмыз. Бұл  сауалды Парламент қарауына жібереміз. Елімізде футбол ойнағысы келетіндердің саны көп, бірақ барлығының бірдей мүмкіндігі жоқ. Әсіресе, жылдың қысқы мезгілінде қиынға түседі. Сол себепті жабық манеждер қажет.
- Федерация президенті ретінде алдағы уақытқа қандай мақсаттар мен жоспарларды әзірледіңіздер?
- Жоспарларымыз көп. Біздің елде әлемдегідей нөмірі бірінші спорт – футбол. Қазақстанда спортпен шұғылданатындардың 80 пайызы футбол ойнайды. Өткен жылы Ұлттық Студенттер Лигасын ұйымдастырдық. Енді еліміздің барлық жоғары оқу орындарын қамтуды қалаймыз. Футбол ойнау үшін жабық манеждер керек. Жаттықтырушыларды шақыру жоспарда бар. Балалар жаттықтырушылары жетіспейді. Біздің елде бір бапкерге кем дегенде  342  баладан келеді. Бұл – төмен көрсеткіш. Мысалы, Англияда үш балаға - бір бапкер. Сол себепті біз Платини мырзадан жаттықтырушыларды методикалық жағынан дайындауға көмек беруін сұраймыз. Бұл  елімізде балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына көмектеседі.
- Қазақстан өткен жылы Астанада өткен конгрессті қалай еске алады?
- Біз УЕФА тарапынан осындай жауапты шараны өткізуге сенім білдіргенін мақтан тұтамыз. Еуропа футболының тарихында УЕФА өкілдері толық құрамда ТМД және Балтық елдерінің аумағында алғаш рет  Қазақстанда жиналды. Конгресс кезінде бірнеше аса маңызды шешімдер қабылданды. Ол әлем футболының дамуына ықпал етері сөзсіз.  
- Ел футболында жүзеге асырғыңыз келетін арманыңыз бар ма?
- Қазақстандағы әрбір бала кәсіби жаттықтырушының жетекшілігімен және жақсы алаңда футболмен айналасуын армандаймын.Қазақстан чемпионаты Еуропаның үздік бестігіне еніп, Қазақстан Ұлттық құрмасы Әлем чемпионы атанғанын қалаймын. Байыппен қарайтын болсақ, ел футболының дамуы – маңызды сәт. Көпэтносты елдің ынтымағы артады. Егер футбол әрі қарай дамитын болса, онда халықтар достастығы арта түседі және біздің балалармыздың дені сау болады.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: