Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ауыр атлет Алмас теннис клубын ашты

Ауыр атлет Алмас теннис клубын аштыОблыс орталығында алғашқы рет үстел теннисінен спорт клубы ашылды.
Аталмыш клубты ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Алмас Өтешов өз қаражаты есебінен ашты. Халықаралық ареналарда ел абыройын асқақтатып жүрген Сыр толағайы, осылайша туған жерінде бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қоспақ. 
Спорт клубының ресми ашылу салтанатына Сидней және Бейжің Олимпиадаларының чемпиондары, атақты боксшылар Ермахан Ыбырайымов пен Бахыт Сәрсекбаев қатысып, игі бастамаға қолдау білдірді. Мұнан соң Олимпиада чемпиондары үстел теннисінен шеберлік байқасып, жергілікті жастарға әдемі ойын өрнегін көрсетті. Айта кетейік, бұқара халық үшін бағасы да қалтаға қонымды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: