Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық хоккейшілер үздік үштіктен көрінді

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында шайбалы хоккейден 2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының 2-ші айналымы өтті. Аталмыш чемпионатта Қызылорда облысының командасы қола жүлдеге ие болды.

 

Қызылордалық хоккейшілер үздік үштіктен көрінді

 

Бірінші орынды - Өскемен қаласының командасы алса, екінші орынды да Өскемен қаласының екінші командасы иеленді. Алматы қаласының спортшылары – төртінші орынға табан тіресе, Батыс Қазақстан облысының командасы бесінші орынға жайғасты. Чемпионаттың соңғы айналымы үстіміздегі жылдың 12-16 сәуір аралығында Өскеменде болады. 
Команданы жарысқа шайбалы хоккейден облыстың аға жаттықтырушысы Талғат Акимжанов дайындады. Облысымызда шайбалы хоккей спортының ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де осындай жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген спортшыларымыздың бағындырар биік шыңдары әлі алда деп ойлаймыз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: