Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қысқы жиындар қалай өтті?

 

2014 жылғы ел чемпионатының аяқталғаны кеше ғана секілді еді, міне жаңа футбол маусымы қайта басталды. Дегенмен, Қызылорданың «Қайсары» қысқы маусымаралық үзілісті демалыссыз өткізді десек, артық айтқандығымыз емес.
"Маусым аяқтала салысымен көп ұзамай оқу-жаттығу жиынына аттанған Сыр футболшылары биылғы Премьер-лигаға дайындықты қызу бастап кеткен болатын" деп хабарлайды "Қайсардың" баспасөз хатшысы Әзиз Оразбаев. 
Ендеше қысқы маусымаралық үзілісті қайта бастайық. Өткен жылы желтоқсан айында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізген жерлестеріміз Жерорта теңізінің жағалауына төрт рет барып қайтты. Осы аралықта барлығы 13 жолдастық-бақылау кездесуін өткізіп, бес ойында жеңіске жетті. Қарсыластар қақпасына барлығы 32 гол соғып, өз қақпаларына 13 доп жіберіп алды.
Жаттығу жиындары барысында клуб басшылығы 11 жаңа ойыншымен келісім-шартқа отырған. Оның екеуі қақпашы, төртеуі қорғаушы, төртеуі жартылай қорғаушы, біреуі шабуылшы. Дәл қазіргі таңда командада Словакия, Болгария, Чехия, Эстония елдерінің легионерлері бар.
«Қайсар» футбол клубының оқу-жаттығу жиындарындағы ойындары:
Желтоқсан, 2014 жыл.
«Қайсар» – «Серикспор» (Түркия) 4:0
Голдар: Максим Азовский-2, Рузибой Ахметов, Владислав Нехтий.
«Қайсар» – «Тикерола» (Түркия) 13:0
Голдар: Владислав Нехтий-4, Рузибой Ахмедов-3, Максим Азовский-2, Елжас Алтынбеков, Самат Балымбетов, Жомарт Жұмабаев, Ян Вороговский.
Қаңтар, 2015 жыл.
«Қайсар» – «Косаэли Бирлик» (Түркия) 1:2
Гол: Владислав Нехтий.
«Қайсар» – «Кукеси» (Албания) 1:0
Гол: Сергей Струков.
«Қайсар» – «Денизлиспор» (Түркия) 0:1
Қаңтар-ақпан, 2015 жыл.
«Қайсар» – «Металлург З» (Украина) 1:1
Гол: Сергей Скорых
«Қайсар» – «Улисс» (Армения) 0:0
«Қайсар» – «Металлург Д» (Украина) 0:3
«Қайсар» – «Хасково 2009» (Болгария) 0:1
Ақпан, 2015 жыл.
«Қайсар» – «Черноморец» (Украина) 1:3
Гол: Владислав Нехтий.
«Қайсар» – «Кубань» (Ресей) 1:2
Гол: Юрай Пирошка
«Қайсар» – «Қызылқұм» (Өзбекстан) 1:0
Гол: Елжас Алтынбеков
«Қайсар» – «Белуса» (Словакия) 9:0
Голдар: Римо Хунт-3. Сергей Струков-2. Владислав Нехтий, Елжас Алтынбеков, Юрай Пирошка, Қайрат Нұрдәулетов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: