Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық самбошылар әлем чемпионатына қатысады

Таразда ересектер арасында самбодан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында  облысымыздың намысын қорғаған жерлестеріміз 4 алтын, 5 қола медаль олжалап, жеңіс туын желбіретті.

 

Қызылордалық самбошылар әлем чемпионатына қатысады

 

Еліміздің барлық аймағынан келген самбошылар үш күн бойы бақ сынап, өзара мықтыларды анықтады. 48 келі салмақта Аида Ермаш (№1ОМБЖОРМ),  62 келі салмақта Дархан Сержанов, 68 келі салмақта Мақсат Нұрәлиев (екеуі де Байқоңыр қ.), 100 келі салмақта Нұрым Сәлімгереевтер (Қармақшы ауданы) чемпион атағын жеңіп алып, жеңіс тұғырына көтерілді. 
48 келіде Жазира Каренеева (№5 БЖСМ), 64 келіде Мархабат Бақытбекова (Жалағаш ауданы),  72 келіде Мереке Құдайбергенова (Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы), 80 келіде Гүлім Сағымбай (№1ОМБЖОРМ), 90 келіде өнер көрсеткен Мақсат Исақабыловтар (Қармақшы ауданы) чемпионаттың қола жүлдесін иеленді.  
Жеңімпаз атанған спортшылар маусым айында Түркіменияда Азия чемпионатына  және қарашада Марокко елінде болатын  Әлем чемпионатына қатысады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: