Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Таеквондодан облыс біріншілігі өтті

Таеквондодан облыс біріншілігі өтті

 

Қызылорда қаласында таеквондодан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің 1998-1999 жылдары туылған оқушылары арасында облыс біріншілігі өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 9 команда бақ сынады.
Екі күнге сызылған жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі топ жарды. Қалған орындарды Шиелі ауданы мен №2 олимпиадалық резерв мектебі иеленді. 
Жекелей есеп бойынша ұлдар арасында жеңімпаз атанғандар: 45 келі: Нұрдәулет Жәнібеков (Сырдария ауданы), 48 келі: Мадияр Алдабергенов (№1ОРМБЖМ), 51 келі: Жасұлан Арықбай (Жалағаш ауданы), 55 келі: Дастан Рүстембек (№1ОРМБЖМ), 59 келі: Нұрболат Әбіласан (Түгіскен ауылы), 63 келі: Ғани Тілеубаев (Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы), 68 келі: Рустам Әлімов (№1ОРМБЖМ), 73 келі: Айтуған Махмутов (Байқоңыр қ.), +73 келі: Әнет Оспанов (№2ОРМБЖМ). 
Қыздар арасында жеңімпаз спортшылар: 44 келі: Нұрай Манасип (№2 ОРМБЖМ), 46 келі: Динара Әбдіржан (№1ОРМБЖМ), 49 келі: Дамира Айдарова (Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы), 52 келі: Айнұр Есбергенова  (№1ОРМБЖМ), 55 келі: Әсел Нағмеддинова (№1ОРМБЖМ), 59 келі: Гүлжайна Мұхтарова (Арал ауданы), +59 келі: Аружан Әбдіқадыр (Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы). 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: