» » Мемлекеттік қызметкерлер сайысқа түсті

Мемлекеттік қызметкерлер сайысқа түсті

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
Мемлекеттік  қызметкерлер сайысқа түстіБиыл 19-шы мәрте ұйымдастырылған облыс әкімінің жүлдесіне арналған спартакиадаға облыстық мемлекеттік мекемелерден 23 команда 1000-нан аса мемлекеттік қызметшілер спорттың 10 түрінен (арқан тарту, пневматикалық мылтықпен ату, 2400 м. жүгіру, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, үстел теннисі, бильярд, эстафеталық жүгіру (4х100) және волейболдан) сынға түсуде. 
Спартакиаданың ашылуында сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Каленов пен облыстық спорт ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбек Егізбаев мемлекеттік қызметтің жауапты да абыройлы қызмет екенін, сондай-ақ,  олар қызметпен қатар, салауатты өмір салтын да насихаттай білуі керектігін айтты. 
Спартакиада бағдарламасы бойынша  алғашқы күнгі ойындардың нәтижесінде арқан тартудан 1-топта ішкі істер департаменті үздік шықса, білім басқармасы 2-орынды, төтенше жағдайлар департаменті 3-орынды иеленді. 2-топта салық департаментінің қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Қалған орындарды қала әкімінің аппараты мен статистика департаменті бөлісті. Пневматикалық мылтықпен ату сайысында 1-топта ұлттық қауіпсіздік комитеті жеңімпаз атанса, 2-орынды төтенше жағдайлар 3-орынды ішкі істер департаменттері еншіледі. 2-топта қала әкімінің аппараты қызметкерлерінің мерейі үстем болды. Облыс әкімі аппараты күміс жүлдені, салық департаменті қола жүлдеге қол жеткізді. 2400 м жүгіру сайысында 1-топта 2019 әскери бөлімінің қызметкерлері 1-орынды, төтенше жағдайлар 2-орынды, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері 3-орынды иеленді. Ал екінші топта  салық департаменті топ жарды. 7,5 ұпаймен облыс әкімі аппараты мен қалалық мәслихат қызметкерлері 2-3 орындарды  алды. Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері 3 қазан күні белгілі болады.