Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Дәстүрлі турнир 19 мәрте өткізілді

Үстіміздегі жылдың 28-29 наурыз күндері Қызылорда қаласында Ұлы  Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан облыстық ашық турнир өткізілді. 
Биыл 19-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге  Байқоңыр қаласы, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан  24 команда  қатысып, үздіктері анықталды. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша «Азамат» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда «Атамұра» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:3 болды. Үшінші  орынды  «Орион» командасы, төртінші орынды «Петро Қазақстан» командалары иеленді.  Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Нұрбек Құлымбетов (Азамат), «Үздік қақпашы» -  Руслан Сариев (Орион),  «Үздік шабуылшы» - Медет Дүзбаев (Петро Қазақстан), «Мерген ойыншы» - Еркебұлан Батпанов (Азамат), «Үздік ойыншы» - Ермек Абдулдаев (Атамұра)   марапатталды. 
Турнирде  Батыржан Шалғынбаев атындағы қордың атынан 1-ші орынға 250 мың теңге, 2 –ші орынға 150 мың теңге, 3-ші орынға 100 мың теңге, 4-ші орынға 50 мың теңге мен бағалы сыйлықтар табысталса, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттары берілді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: