Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық боксшы қыз әлем чемпионатына қатысады

Жақында Павлодар  қаласында 1997-1998 және 1999-2000 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 
1997-98 жылдары туылған қыздар арасында сынға түскен жерлесіміз Аида Оңдаш   81 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені иеленді. Жылдың басында ол Сербияның Суботица қаласында өткен IV Ұлттар кубогы жолындағы турнирде жеңімпаз атанған болатын. 
Бокстан спорт шеберлігіне кандидат, Қазалы ауданы Бозкөл ауылының тумасы Аиданы түрлі жарыстарға дайындап, шеберлігін шыңдап жүрген жаттықтырушысы – Бахытбек Құлбаев. Қатарынан оза шауып, бәйгенің алдын бермеуге тырысатын боксшы қызды алдағы мамыр айында Тайпейде болатын Әлем чемпионаты күтіп тұр. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: