Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық дзюдошылар әлем чемпионатында бақ сынайды

Қызылордалық дзюдошылар  әлем чемпионатында бақ сынайды

 

Ресейдің Тверь қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан Еуропа кубогы мәресіне жетті. 20 мемлекеттен 350 спортшы қатысқан тартысты жарыс күндерінің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрама командасы 3 күміс, 4 қола медаль олжалап, екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Ресей, үшінші орынды Белоруссия елдерінің командалары еншіледі. 
Дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Арман Молдаханов жетекшілік жасаған жерлестеріміз облыс үмітін ақтап, жеңіспен оралды. Жекелей сында №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Марат Жанқожа 66 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені иеленсе, қармақшылық Дамир Әбдеков 60 келіде қола жүлдені жеңіп алды. 
Спортшылар енді тамыз айында Югославияда Әлем чемпионатына, қазан айында Тайландта Азия чемпионатына  дайындалу үшін  үстіміздегі жылдың 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында Германияда  болатын халықаралық турнирде бағын сынайды. 
Қос спортшыны жарысқа Жанарбек Сансызбаев пен Қайрат Үсенов дайындады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: