» » Қызылордада жаңа стадион салынады (сурет)

Қызылордада жаңа стадион салынады (сурет)

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
Аймақта футбол спортын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы жасалды. Аталмыш бағдарлама аясында 3 мың көрерменге арналған спорттық-көрме манежін, 10-15 мың адамға арналған жаңадан футбол стадионын салу жоспарланған. 
Негізгі мақсат – балалар мен жасөспірімдер футболын, инфрақұрылым мен бұқаралық футбол дамыту болып табылады. Әсіресе, балалар футболының өрісін кеңейтуге баса назар аударылуда. Бүгінгі таңда аймақтағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жанынан спорттың осы түрінен арнайы бөлімдер жұмыс жасайды. Соның арқасында қазір біздің өңірде 30 мыңнан астам өрен аладоптың қыр-сырын үйренуге талпынып келеді. Облыста өткізілетін турнирлердің басым көпшілігі жасөспірімдер футболына арналған.
Қызылордада жаңа стадион салынады (сурет)