Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" жастары Ақтөбеде жеңілді

"Қайсар" жастары Ақтөбеде жеңілдіБүгін, 10 сәуірде футболдан Премьер-лига командаларының қосалқы құрамдары өзара шеберлік байқасты. Біздің "Қайсардың" жастары күнтізбеге сәйкес "Ақтөбенің" дублерімен кездесті. 
Бұл ойынның тағдыры ақтөбелік Оңғарбаевтың 72 минөтте соғылған жалғыз добымен шешілді. Осылайша жерлестеріміз біріншіліктегі екінші жеңілісіне ұшырады. Алғашқы үш турда екі мәрте жеңіске жетіп, қарсыластар қақпасына 7 доғып, өз қақпасына 3 доп жіберіп алған қызылордалық жастар одан бергі кездесулерде небәрі 1 ұпайға қол жеткізді. Қарсыластарға гол салмастан өз қақпасынан 8 доп алып шығуға мәжбүр болды. 
"Қайсар" жастары турнир кестесінде 8 орында келеді. Олар 14 сәуірде өз алаңында "Тараз" командасын қабылдайды. 
 
Осы турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

«Ордабасы»-д — «Қайрат»-д 2:0 (0:0)
«Тараз-д» — «Астана-д» 3:0 (0:0)
«Атырау»-д — «Тобыл»-д 3:1 (2:0)
«Шахтер»-д — «Жетісу»-д 1:0 (1:0)
«Ертіс»-д — «Оқжетпес»-д 2:1 (2:1)

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: