Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Албаниядан келді, Таиландқа аттанбақ

Албаниядан келді, Таиландқа аттанбақАлбанияның Шкодер қаласында бокстан ересектер арасында өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев +91 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді иеленді. 
Ол жарыс барысында екі кездесу өткізіп,  алғашқысында  Албания спортшысын 3:0 есебімен ұтса, финалда чехиялық спортшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Қазақстанның намысын қорғаған 5 спортшының бесеуі де жүлделі оралды. Атап айтсақ, 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалаған қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орында – Албания, үшінші орында – Германия.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Қамшыбекті ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндиев жаттықтырады. Ол енді тамыз айында Тайландтың Бангкок қаласында болатын Азия чемпионатына дайындалады. Көптеген республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, мықты боксшы екенін дәлелдеп жүрген спортшымызға тек сәттілік тілейміз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: