Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды

Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды

 

Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде 25 сәуір күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке жанкүйерлер қауымының қызыға тамашалаған шарасына айналды. 
«Алтын белбеу» жарысы айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. Ауылдық елді мекендерден басталған биылғы жарыстың аудандық, қалалық, облыстық іріктеу турларына барлығы 7152 спортшы қатысты. Жарыстың үшінші кезеңі ақтық сайысқа Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 256 палуан сынға түсіп, өз шеберліктерін шыңдады.
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірімізде төл спортымыз – қазақ күресінің дамып келе жатқандығын және оған жыл өткен сайын қатысушылардың саны артып отырғанын жеткізді.
Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Сәрсен Құранбек жарысқа қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді. 
Сондай-ақ, облыста төл күресіміз қазақ күресінің тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған ардагер балуандарымыз Қалапберген Пірімжанов, Абылай Жалдыбаев және Михаил Дмитриев ұлықталып, оларды облыстық қазақ күресі федерациясының президенті Рзақұл Нұртаев марапаттады. 
«Алтын белбеу» жарысы өте тартысты өтті. Өйткені әрбір балуанның белдесуге тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп тұрды. Жарыста кіші жасөспірімдер арасында Қызылорда қалсының спортшылары жақсы қырыннан таныла білді. Ал жасөспірімдер арасында Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандары, жастардан Қызылорда қаласының жеткіншектері өздерінің мықтылықтарын байқатты. Ересектер арасында Қармақшы ауданынан келген палуандар да бірнеше жүлдеге қол жеткізді. 
Түйе палуан сайысына 22 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 200 мың теңгенің сертификаты табысталды. «Сыр Арланы» титулын иеленген жалағаштық Руслан Әбдіразақовқа 700 мың теңгенің сертификаты берілсе, «Сыр Сұңқары» - Айбек Серікбаевқа 300 мың теңгенің сертификаты табысталды. 
Сондай-ақ, әр жас ерекшеліктері бойынша 1,2,3 орындарды иеленген спортшылар алғыс хаттармен марапатталып, оларға қаржылай сыйлықтар берілді. 
5 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Н.Сәлімгереев пен Р.Әбдіразақов облыс намысын қорғайтын болады. 
Жарыс қорытындысы бойынша:
Жарыс жеңімпаздары:
2000-2001 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында:
38 келі: Ескелді Қаһарман (Қызылорда қаласы)
42 келі: Нұршат Әбілтаев (Қызылорда қаласы) 
46 келі: Олжас Оразалыұлы (Жаңақорған ауданы)
50 келі: Мұхамедхан Сағындық (Жаңақорған ауданы)
55 келі: Абылай Жұбаназар (Қазалы ауданы)
60 келі: Өмірзақ Рахметов (Шиелі ауданы)
66 келі: Дәулет Хабибуллаев (Сырдария ауданы) 
73 келі: Еңбек Сақтағанов (Арал ауданы)
+73 келі: Нұрлыхан Шархан (Қызылорда қаласы)
1998-99 жылдары туылған жасөспірімдер арасында:
46 келі: Бағдәулет Иманзада (Қызылорда қаласы)
51 келі: Айдәулет Дүйсеахмет (Шиелі ауданы)
57 келі: Әлжан Амангелді (Қармақшы ауданы)
64 келі: Жасұлан Бердібеков (Қармақшы ауданы) 
72 келі: Асылжан Нұрман (Жаңақорған ауданы)
81 келі: Асхат Балданбаев (Шиелі ауданы)
+81 келі: Нұрберген Алдаберген (Жаңақорған ауданы)
1996-97 жылдары туылған жастар арасында:
55 келі: Бекжан Төлепов (Шиелі ауданы)
60 келі: Райымбек Рантаев (Қызылорда қаласы) 
66 келі: Рахманберді Әбдірашит (Қызылорда қаласы)
74 келі: Ердәулет Киікбаев (Қармақшы ауданы)
82 келі: Расул Мәдетай (Сырдария ауданы)
90 келі: Исатай Икрам (Жаңақорған ауданы)
100 келі: Аязбек Шүкір (Қызылорда қаласы)
+100 келі: Марат Қуанышбаев (Қызылорда қаласы)
Ересектер арасында:
55 келі: Бауыржан Райсов (Қармақшы ауданы)
60 келі: Асхат Пірманов (Арал ауданы)
66 келі: Мұхтар Сейлов (Байқоңыр қаласы)
74 келі: Жайдарбай Есенов (Жалағаш ауданы)
82 келі: Саламат Жұрқабаев (Сырдария ауданы)
90 келі: Мақсат Исақабылов (Қызылорда қаласы)
100 келі: Айбек Серікбаев (Қармақшы ауданы) 
+100 келі: Руслан Әбдіразақов (Жалағаш ауданы)
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: