Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық ауыр атлеттер ел чемпионатында топ жарды

Қызылордалық ауыр атлеттер ел чемпионатында топ жарды

 

Үстіміздегі жылдың 25-29 сәуір аралығында Алматы қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтті. Аталмыш жарыстан  Сыр елінің ауыр атлеттері 178 ұпаймен көш бастады. 176 ұпаймен Қарағанды облысы екінші орынды, 173 ұпаймен Алматы қаласының командасы үшінші орынды  еншіледі. 
Жарыс қорытындысы бойынша 85 келі салмақ дәрежесінде Аят Әмірбеков (облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі) чемпион атанып, үстіміздегі жылдың шілде айында жастар арасында Польшаның Вроцлав қаласында болатын Әлем чемпионатына жолдама алды.  Ол жұлқи көтеруде 141, серпе көтеруде 175, қоссайыста 316 келіні бағындырды. 
№1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары Айдос Тұрсынбай (жұлқи көтеру 99, серпе көтеру 121, қоссайыста 220) 62 келіде, Серікбол Аманжол (жұлқи көтеру 113, серпе көтеру 138, қоссайыста 251) 69 келіде сынға түсіп, қола медальді иеленді. 
Қыздар арасында 48 келіде шиелілік Айсамал Сансызбаева мен 69 келіде облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінен Диляра Піржанова үшінші орынды еншіледі.  Жарыста төртінші  және бесінші орында иеленген Тамуса Дүйсенова (69 келі) мен Гүлнәр Шамиева (+75 келі, екеуі де ЖСШМ) жақсы өнер көрсетіп, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Нәтижесінде қыздар құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынды иеленді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: